Жаңалықтар

Соттан тыс медиацияны одан әрі дамыту тұжырымдамасының жобасы талқыланды

Соттан тыс медиацияны одан әрі дамыту тұжырымдамасының жобасы талқыланды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі 07.07.2024 22:14 608

Медиация саласындағы мемлекеттік саясатты және қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жиында соттан тыс медиация институтын одан әрі дамыту тұжырымдамасының жобасы талқыланды. Отырысты Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова ашып, аталмыш міндеттердің маңыздылығына тоқталды.

Бүгінде біздің алдымызда өршіл міндеттер тұр. Біз медиацияны дамыту және ілгерілету, заңнамалық базаны жақсарту және кәсіби стандарттарды арттыру бойынша нақты қадамдарды талқылап, әзірлеуіміз керек. Бірлескен күш-жігермен айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізе алатынымызға сенімдімін», - деп атап өтті Айзада Құрманова.

Модератор ретінде жұмыс тобының жетекшісі Ләззат Сүлеймен сөз сөйлеп, қақтығыстар түрлі деңгейде және түрлі салада туындайтын қазіргі әлемде медиацияның рөлі маңызын жоғалтпайтынын атап өтті.

Отырыс барысында медиация саласының қазіргі жағдайы қаралды, одан әрі даму перспективалары талқыланды, сондай-ақ заңнамалық және институциялық базаны жетілдіру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстардың тізілімі әзірленді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға