Жаңалықтар

Сотталғанға жолданған сәлемдеме ішінен есірткі табылды

Сотталғанға жолданған сәлемдеме ішінен есірткі табылды
Фото: Polisia.kz 14.01.2025 09:24 269

Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №34 мекемесінде сәлемдеме арқылы есірткі заттарын өткізу фактісі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғанға сәлемдеме келді. Сәлемдемелерді қабылдау және тарату бөлмесінде жедел бөлім қызметкерлерімен кезекті сәлемдемені тексеру кезінде, күдікті пішіндегі және басқаларға ұқсамайтын бес дана жаңғақ анықталды. Жаңғақтардың ішінен қоңыр-жасыл түсті заттар табылып, тәркіленді. Аталған факті тіркелді.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысы бойынша, аталған заттар жалпы салмағы 3,472 граммды құрайтын гашиш есірткі заты екені анықталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға