Жаңалықтар

Сотталғандар құмар ойын ойнаған: түзеу мекемесінің үш қызметкері жазаланды

Сотталғандар құмар ойын ойнаған: түзеу мекемесінің үш қызметкері жазаланды
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 14.05.2024 15:07 514

Алматы облысының прокуратурасы өңірдегі түзеу мекемесінде өрескел заң бұзушылық анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Прокуратураның мәліметінше, сотталғандар ұялы телефондар пайдалану арқылы онлайн сатып-алуды, несие рәсімдеп және букмекерлік кеңселер мен онлайн-казино арқылы құмар ойындарға қатысқан. Ал ақша қаражатының жалпы айналымы 3 млрд теңгеден асқан.

№10 мекемесіндегі сотталғандар ұялы телефондар қолдана отырып, рұқсат етілген және рұқсат етілмеген заттарды мекеме қабырғасында отырып-ақ саудалаған. Осы фактіге байланысты Алматы облысының прокуратурасы 361-баптың 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Іле аудандық сотының үкімімен осы мекеменің үш қызметкеріне түрлі жазалау шаралары қабылданды, - делінген мәліметте.

Бұдан бөлек №12 және №57 мекеме қызметкерлеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 361-бабы 2-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, №57 мекеме басшысы қамауға алынған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға