Жаңалықтар

Сотталған Байжанов сот үкіміне қарсы шағым түсірді

Сотталған Байжанов сот үкіміне қарсы шағым түсірді
Фото: Жоғарғы сот 01.09.2024 18:05 531

Жоғарғы сот Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың сотталған туысы Байжановтың шағымын қарамақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бақытжан Байжановты 13 мамырда 4 жылға соттаған болатын. Ол Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты күдікті ретінде ұсталып, істі болған еді.

Сот кеңсесі Байжановтың атынан кассациялық шағым түскенін хабарлады. Сот оны сәрсенбі, 4 қыркүйекте қарамақ.

Алайда Қуандық Бишімбаевтың өзі әлі Жоғарғы сотқа шағым түсірген жоқ. Бұл туралы оның адвокаты Ерлан Ғазымжанов хабарлады.

Айта кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен 24 жылға сотталған еді.

Сондай-ақ 26 маусымда сот алқасы Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық шағымы бойынша шешім қабылдап, олардың үкімдерін өзгеріссіз қалдырған болатын.

Ал Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың үстінен тағы да арыз жазған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға