Жаңалықтар

Сот Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды

Сот Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды
Фото: Видеодан кадр / instagram.com/daulet_bolatuly_turlykhanov 03.12.2024 13:50 282

Алматы қалалық сотының апелляциялық инстанциясы депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың өтінішін қанағаттандырмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Сот депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты бірінші инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотының Болат Нұрасыл Дәулетұлына қатысты қаулысы өзгеріссіз қалдырылды. Сотталушы мен оның адвокаттарының жеке шағымы қанағаттандырылмады. Апелляциялық қаулы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді және кассациялық бақылауға жатпайды, – деп хабарлады судья Нұржан Қарабаев.

Еске салайық, Бұған дейін Жоғарғы Сот НұрасылБолатқа екі немесе одан да көп адамның денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін (ҚР ҚК-нің107-бабы 2-бөлігі 1-тармақшасы бойынша) 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған болатын. Осыған қарамастан, Болат пробациялық бақылаудың 3 рет заң бұзушылықтарына  жол берген, ол сотпен зерттелген дәлелдемелермен расталған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға