Жаңалықтар

«Сот – телешоу емес». Бас прокурордың орынбасары Бишімбаевтың соты жайында

«Сот – телешоу емес». Бас прокурордың орынбасары Бишімбаевтың соты жайында
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/OpenAI 13.03.2024 14:08 948

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты туралы пікір білдірді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Мәжіліс кулуарында журналистер Шыңдалиевтен Бишімбаевтың сотында алқа билерді ешкім сатып алмайтынына кім кепілдік беретінін сұрады. Шыңдалиев барлық процесс заң аясында жүргізілетінін атап өтті.

Егер де алқа билер қандай да бір қызығушылық танытса, жауапкершілік қарастырылған. Мұндай фактілер анықталған жағдайда алқа билер коллегиясы таратылуы мүмкін, - деді ол.

Бас прокуратураның өкілі Бишімбаевтың ісі бойынша сотталушыны ешкім қорғап отырмағанын жеткізді.

Бишімбаев – қамауда отырған адам. Қамаудағы адамның бәрін конвойлар сотқа алып келеді. Бұл істе қанша нақты конвой бар екенін білмеймін. Бұл Ішкі істер министрінің құзырына кіреді, - деп жалғастырды ол.

Осы рет БАҚ өкілдері ашық залға кіре алмағандарын айтып, шағымданған еді.

Журналистерге және сот залына кірмеген адамдарға бөлек зал бар.  Біріншіден, судья тәртіпті қамтамасыз етуі тиіс. Сот - телешоу емес қой. Бұл қоғамдық резонанс тудырған іс екені белгілі. Жариялылық қамтамасыз етіліп отыр. Сіздерге экранға шығарылды, тікелей эфирден залда болып отырғанның бәрін көре аласыздар, - деді Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға