Сот Рысбек Сәрсенбайұлына айыппұл салды
Фото: facebook.com/KulteginAspanuly
Фото: facebook.com/KulteginAspanuly
13.04.2023 18:41
835
Алматыда сот оппозициялық саясаткер Рысбек Сәрсенбайұлын "рұқсатсыз митинг ұйымдастырды" деп айыптап, 127 мың теңге айыппұл салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
9 сәуірде Алматыда бір топ саясаткер мен белсенді 19 наурыздағы парламент сайлауын әділетсіз деп, митинг өткізген. Митингіге билік рұқсат етпеген.
Бұған дейін сайлау нәтижесіне қарсы бейбіт митингіге шыққан саясаткер Мұхтар Тайжан, журналист Лұқпан Ахмедияров пен заңгер Әлнұр Ильяшев, Асылбек Қараев та 15 тәулікке қамалған.
Қазақстанда жұрт бейбіт митингіге шығу үшін әкімдіктен рұқсат алу керек, Билік белсенділерге митинг өткізуге рұқсат бере бермейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы облысында 17 жастағы баланың мәйіті табылды
Келесі жаңалық
«Мұз» акциясы: бір адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды