Жаңалықтар

«SOS» батырмалары халық көп жиналатын жерлерде орнатылған

«SOS» батырмалары халық көп жиналатын жерлерде орнатылған
Фото: Видеодан кадр 15.03.2024 05:41 629

Республика бойынша барлығы 225 «‎SOS» батырмасы жұмыс істейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жалпы құрылғы іске қосылғаннан бері полицияға 124 өтініш түсті. Ал жыл басынан бері - 18 өтініш. Олардың барлығына ден қойылып, тиісті шаралар қабылданды.

Мәселен, жақында елордалық полицейлер жоғалған баланы үйіне жеткізген болатын. Бала инспектормен байланысу үшін саябақта орнатылған дабыл батырмасын қолданған.

Осылайша, Көктал саябағында орналасқан “SOS” дабыл түймесіне жауап берген бала өзінің адасып қалғанын хабарлаған. Оның қоңырауы бірден Жедел басқару орталығының полиция қызметкеріне қосылған. Сөйтіп бейнекамера арқылы қосылған жүйе барлық деректерді автоматты түрде жазып алып, хабарламаға жылдам жауап беруге мүмкіндік болған. Қоңырау қабылданып, дереу өңделген.

Оқиға орнына жедел жіберілген патрульдік полиция полкінің автопатруль қызметкерлері 8 жасар баланы үйіне жеткізіп, ата-анасына аман-есен тапсырған. Астана қаласының тәртіп сақшылары ата-аналарға баланың мінез-құлқын бақылау қажеттігін айтып, оларға тәрбиелік міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін тиісті жауапкершілікте қарастырылатынын ескертеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға