Сора Рахмонова жолдасымен бірге референдумда дауыс берді

Қазақстандық спортшы Сора Рахмонова жолдасы Нұрсұлтан Орынбасаровпен референдумда дауыс берді. Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қоян-қолтық ұрыстан үш дүркін әлем чемпионы Сора Рахмонова жолдасымен Референдумда дауыс берді. Спорттағы жұлдызды жұп Нұрсұлтан Орынбасаров және Сора Рахмонова Іле ауданы, М.Түймебаев ауылындағы №404 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.
Нұрсұлтан Орынбасаров – Алматы облыстық мәслихат депутаты, джиу-джитсудан қара белбеу иегері, грэпплингтен Азия чемпионы, SAGADAT BATYR спорт клубының негізін қалаушы. Сондай-ақ ол джиу-джитсу, аралас жекпе-жек спорт түрлерінен халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы, ҚР-ның спорт шебері атанған.
Сора Рахмонова – қоян-қолтық ұрыстан қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы. Сонымен бірге төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері, кикбоксинг, тайбокс, ММА, панкратион секілді спорт түрлерінен ҚР-ның спорт шебері атанған.
