Жаңалықтар

Сора Рахмонова UFC-дің іріктеу турнирінде бақ сынайды

Сора Рахмонова UFC-дің іріктеу турнирінде бақ сынайды
Фото: © mmavestnik 29.06.2023 22:06 698

Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова UFC-дің іріктеу турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сора жеңілмеген литвалық спортшы Эрнеста Карикайтемен өзара кім мықтыны анықтайды. Жекпе-жек 26 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.

Бұған дейін Шавкат Рахмоновтың кезекті жекпе-жегі өтетін анықталғанын жазғанбыз

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері американдық Келвин Гастелуммен кездеседі. 16 қыркүйек күні өтетін UFC турнирінің басты жекпе-жегінің бірі Лас-Вегаста Мексиканың тәуелсіздік күніне орай өтеді.

Бұған дейін Сора Рахмонова қоян-қолтық ұрыстан үш дүркін әлем чемпионы атанды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға