Соқырішек болған 14 жастағы баланы қайықпен жедел жағаға жеткізген
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
30.04.2024 18:20
570
Көктемгі су тасқыны кезінде полиция қызметкерлері де халықпен бірге болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тәртіп сақшылары су басқан аймақтарда қалған тұрғындарды жедел түрде қауіпсіз жерлерге көшірді. Қиын жағдайға тап болған адамдарға қол ұшын созды.
Құқық қорғау қызметкерлері қазір де су басқан аумақтарды күні-түні қайықпен күзетіп, қоғамдық тәртіпті бақылап жүр. Солардың бірі - полиция қызметкері Біржан Бәкіровтің әрекеті көпті сүйсіндірді.
Құзырлы орган өкілі соқырішек болып қалған 14 жастағы баланы қайықпен жедел жағаға жеткізген. Осылайша төтенше жағдай кезінде көліктері судан өте алмай қалған дәрігерлерге көмек берген екен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Су тасқынынан зардап шеккен 5 мың отбасына АЕК тағайындалды
Келесі жаңалық
35 градус аяз күтіледі