Жаңалықтар

Соңғы үш жылда 115 адам терроризм актісі туралы жалған хабарлама жеткізгені үшін сотталды – ІІМ

Соңғы үш жылда 115 адам терроризм актісі туралы жалған хабарлама жеткізгені үшін сотталды – ІІМ
Фото: © El.kz 04.09.2023 12:12 1030

Елімізде соңғы 3 жылда терроризм актісі туралы жалған хабарлама жеткізгені үшін 115 адам, оның ішінде 15 кәмелетке толмаған жасөспірім сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің 1 басқарма бастығының орынбасары Алмас Талқанбаевтың айтуынша, осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде әртүрлі ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмыс кестесін бұзғаны үшін мемлекет пен қоғамға 6,3 миллиард теңгеден астам зиян келтірілген.

Оқи отырыңыз:

Оның ішінде мемлекетке 1,8 миллиард теңге, заңды тұлғаларға 3,1 миллиард теңге, жеке тұлғаларға 1,4 миллиард теңге шығынды құрады. Жүргізілген талдауларға сүйенсек, мұндай қоңырауларды адамдар еріккеннен, әзіл ретінде, мас күйде хабарлаған болып шығады. Бұл қылмыстарды жасаудың да себебі әртүрлі. Ол кек алу, бұзақылық, сол мекеменің жұмысына кедергі келтіру, мектептегі сабақтарды болдырмау, құқық қорғау органдарының жұмысын сапасын тексеру мақсатында жасалады, - деді Алмас Ерболатұлы.

Статистика бойынша, осындай жалған хабарламалар бергені үшін сотталғандардың 55 пайызына дейінгі санаты қылмыс жасаған сәтте қатты мас күйде болған.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдарының осы қылмыспен қарсы күресуге барлық мүмкіндіктері бар, заманауи техникалық құралдармен жабдықталған. Қоңырау шалған адамдар қанша дауысын өзгертсе де, SIM картасы мен телефонын ауыстырса да, бәрібір табылады. Аталған қылмыс бойынша бұзақылардың 90 пайыздан астамы ізі суымай келесі тәулікте ашылады, - дейді Алмас Талқанбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға