Соңғы секундқа дейін жеңіс үшін ойнаймыз - Мадияр Кембілов
Футболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеуде Армениямен кездеседі. Матч алдында ұлттық құраманың бас бапкері бапкері Мадияр Кембілов мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
- Дайындық қалыпты өтті. Қыздар толық дайын. Өкінішке қарай, кейбір ойыншыларымыз келе алмады. Құрама капитаны Юлия Мясникова мен орталық қорғаушы Әйгерім Айтымованың жарақаты бар. Сырт алаңда ойнау оңай емес, бірақ қыздар соңына дейін барын салады. Бұған сенімдімін.
Олар алғашқы минуттан бастап соңғы секундқа дейін ойнайды.
- Қарсылас туралы ойыңызды білсек.
- Армения ойыншылары негізінен Ресейде өнер көрсетеді. Эстония, АҚШ-тан келгендер бар, Армения азаматтығын алған екі американдық футболшыны айтамын.
Ал біздің қыздардың басым бөлігі ұлттық чемпионатта ойнайды. Бірақ мұның бәріне мән бермей, матчқа жоспарымызды толық жүзеге асыруымыз қажет.
- Біздің қыздардың бойы ұзындау секілді көрінді…
- Бұл біздің басты тактикалық нұсқамыздың бірі. Бәрін бірдей ашып айтпай-ақ қояйын. Стандарттағы жағдайлардың футболдағы орнын өздеріңіз де білесіздер.