Жаңалықтар

Соңғы он жылдағы ең жоғары туу көрсеткіші Маңғыстау облысында тіркелді

Соңғы он жылдағы ең жоғары туу көрсеткіші Маңғыстау облысында тіркелді
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 22.06.2023 17:30 1319

Қазақстанда қартаю индексі бір жыл ішінде 1,6 пунктке көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2022 жылы қартаю индексі 28,2-ні құраған, осылайша көрсеткіш бір жыл ішінде 1,6 пайыздық тармаққа өсті (26,6 – 2021 жылы). Бұл дегеніміз - 0 мен 15 жас аралығындағы әрбір 100 балаға 65 жастан асқан 28,2 қариядан келеді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өңірлер бөлінісінде ең жоғары индекс ШҚО-да – 56,9, одан кейін Солтүстік Қазақстан – 56,3 және Қостанай облыстары – 48,9.

«Бұл ретте, халқы ең жас өңір – Маңғыстау облысы, соңғы 10 жылдан бері онда туу көрсеткішінің ең жоғары коэффициенті тіркеліп отыр. Онда 100 балаға 65 жастан асқан 10,8 қарттан келеді. Сондай-ақ қартаюдың төмен индексі Түркістан облысында – 11,3 және Шымкент қаласында –11,7.

Қалалық жерлерде қартаю индексі ауылды жерге қарағанда жоғары, сәйкесінше 30,7 және 24,5», - деп жазды статистика бюросынан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға