Жаңалықтар

Соңғы бес жылда Маңғыстау облысына 4 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылды

Соңғы бес жылда Маңғыстау облысына 4 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылды
Фото: ortcom.kz 20.12.2024 13:18 147

Биыл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақтылық бар, негізгі макрокөрсеткіштердің оң нәтижесіне қол жеткізілді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ОКҚ алаңында өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай хабарлады.

Соңғы төрт-бес жылда 4 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылды. 2024-2026 жылдар ішінде экономиканың түрлі саласында құны 666 млрд теңгеге 42 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл 1 800 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Биыл 14 жоба іске қосылып жатыр, - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.

Сонымен қатар, алдағы уақытта өңірдің барлық бағыттағы әлеуетін пайдалана отырып инвестициялық құны 27 трлн теңге болатын 8 ірі жобаны ашу көзделген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға