Жаңалықтар

Соңғы 4,5 жылда үйдегі зорлық-зомбылықтан 869 адам көз жұмды

Соңғы 4,5 жылда үйдегі зорлық-зомбылықтан 869 адам көз жұмды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 17.10.2023 11:05 1358

Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулыққа ауыр зиян келтірудің 2086 фактісі тіркелген.

Отбасыларға жан-жақты көмек көрсету үшін өңірлерде 68 отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді, оның 19-ы уақытша баспанамен қамтамасыз етеді.

Бұл тәжірибе 2019 жылдан бері бар. Жәрдемге мұқтаж азаматтарға «бір терезе» қағидаты бойынша көмек көрсетілуде. Орталықтар психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетумен қатар отбасы институтын нығайтуға жан-жақты қолдау жасайды, - деді Балаева.

Министр тек осы жылдың басынан бері 100 мыңнан астам кеңес берілгенін атап өтті.

Дегенмен қазіргі уақытта орталықтар қызметі біркелкі емес екенін мойындаймыз. Осыған байланысты министрлік бірыңғай тұжырымдаманың жобасын әзірлеуде. Сонымен қатар жыл соңына дейін «Бақытты қазақстандық отбасы» интерактивті нұсқаулық әзірленеді. Некеге тұратын жұптардың отбасылық дәстүрлері мен рухани-адамгершілік құндылықтары туралы ақпараттар «Электрондық үкімет» жүйесінде бейнеролик түрінде көрсетіледі. Некеге тұруға онлайн өтініш берген азаматтар осы нұсқаулықпен міндетті түрде танысып шығуы тиіс, - деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға