Ұзақ уақыт қуаңшылық зардабын тартқан Сомалиде аяқ астынан нөсер жауды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі The Associated Press-ке сілтеме жасап.
Толастамай жауған жаңбыр салдарынан Шабель өзені арнасынан асып, су тасыды. Табиғи апаттан 22 адам қаза тауып, 220 мыңдай адам үйлерін тастап, бас сауғалауға мәжбүр болды.
Өңірдегі мемлекеттік мекемелер, мектептер мен ауруханалар жабылды. Осының салдарынан тырысқақ пен безгек дерттерінің тарау қаупі бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Францияда «Қазақстан: Ұлы Дала жауһарлары» көрмесі ашылды