Солтүстік Қазақстанда сот төрағасы қылмыс үстінде ұсталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
19.12.2024 19:02
122
СҚО экономикалық сотының төрағасы 15 мың АҚШ доллары сомасында пара алу кезінде ұсталып қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл ақпаратты Жоғарғы соттың баспасөз қызметі растады.
Бүгін, 2024 жылғы 19 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Сот әкімшілігінің Петропавл қаласы бойынша Ішкі қауіпсіздік бөлімінің бірлескен іс-шарасының нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Б., соттың мүдделі тұлғаның пайдасына оң шешімі үшін 15 мың АҚШ доллары сомасында ірі көлемде пара алу кезінде қылмыс үстінде ұсталды, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл 100 жылдық мерейтойын атап өткен 20 қария жаңа құжат алды
Келесі жаңалық
Қазақстандық десантшылар Үнді джунглиінде жаттығып жатыр