Солтүстік Қазақстанда патрульдеу және кезекшілік тәулік бойы жүргізілуде

Есіл өзенінде үлкен судың келуімен полиция қызметкерлері су тасқыны қаупі бар шағын аудандарды, учаскелер мен ауылдарды патрульдеуді күшейтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Петропавл қаласында су тасқынына қарсы іс-шараларға күн сайын қалалық және облыстық полицияның 984 қызметкері жұмылдырылды.
Адамдар эвакуацияланған барлық үйлер мен шаруашылықтар - біздің тәулік бойы қорғауымызда. Қазіргі таңда Қызылжар ауданы Тепличное ауылының тұрғындарын эвакуациялау жалғасуда. Басты міндет - тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тонау фактілеріне жол бермеу, сондай-ақ халыққа барлық қажетті көмекті көрсету. Облыстағы жедел жағдай полицияның, жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдай департаментінің бақылауында, - деді СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов.
