Солтүстік Қазақстанда өрттен екі бала құтқарылды

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ
09.03.2024 08:29
873
Солтүстік Қазақстанда өрт кезінде 5 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, СҚО Петерфельд ауылындағы 2-қабатты тұрғын үйдің кіреберісіндегі электр қалқанында өрт шыққан.
Жедел келген №2 және 13 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері 3 иінді сатының көмегімен үйдің екінші қабатынан 5 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Өртті сөндіруге ТЖД 15 жуық адам мен 2 техника қатысты, - делінген ведомство хабарламасында.
Өрттің себебі - 1,5 шаршы метр аумақтағы қысқа тұйықталу екендігі анықталды.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
Бөлісу:
