Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда екі адамнан шошқа тұмауы анықталды

Солтүстік Қазақстанда екі адамнан шошқа тұмауы анықталды
Фото: iStock 12.12.2024 12:37 321

Еліміздің солтүстігінде екі адамнан шошқа тұмауы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның Информбюро-ға сілтеме жасап.

Инфекция жұқтырған науқастардың бірі мектеп оқушысы, екіншісі әскери қызметкер екен. Дәрігерлер олардың жағдайы тұрақты деп отыр. Олар екі науқас та тұмауға қарсы екпе алмағанын жеткізді. Қазір оларға тиісті ем-дом көрсетіліп жатыр. Аталған инфекция үй құстары мен шошқа жануарынан жұғады. Ал адамнан адамға ауа арқылы таралады дейді мамандар.

"АШ1ЭН1" вирусына шалдыққан адамның басы мен бұлшық еті ауырады. Құрғақ жөтел қысып, дене қызуы көтеріледі.

Дәрігерлер егерде осындай белгілер болса бірден емханаға жүгінуге кеңес береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға