Солтүстік Қазақстанда білім бөлімінің басшысы қамауға алынды
Фото: sn.kz
Фото: sn.kz
28.12.2022 19:16
895
СҚО-да білім бөлімінің басшысы жемқорлық фактісі бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Мағжан Жұмабаев ауданының білім бөлімінің басшысы С.М. Рамазановаға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде», - делінген Антикор хабарламасында.
Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен С.М. Рамазанова қамауға алынды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды