Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда әлеуметтік нысандар құрылысы тексеріліп жатыр

Солтүстік Қазақстанда әлеуметтік нысандар құрылысы тексеріліп жатыр
Фото: СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі 14.01.2024 07:48 1117

Солтүстік Қазақстан облысында мектептер, жатақхана мен спорткешеннің құрылысын тексеріліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігіне сілтеме жасап. 

Облыс орталығында бірнеше әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы жүргізілуде. Бұлардың қатарына «Орман» және «Береке» шағын аудандарындағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы екі мектеп, университетке арналған студенттер жатақханасы, «Береке» шағын ауданындағы спорт кешені мен арнайы мектеп-интернаты кіреді. 

Қаланы аралау кезінде облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов аталған нысандардың құрылыс барысын тексерді. Өңір басшысы жауапты басшыларға құрылысқа қарқын қосып, еңбеккерлер санын көбейтіп, барлық жұмыстарды мерзімінде аяқтауды тапсырып отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға