Жаңалықтар

Солтүстік Арал теңізіне бір млрд текше метр су жіберілді

Солтүстік Арал теңізіне бір млрд текше метр су жіберілді
Фото: gov.kz 10.02.2025 09:39 322

2024 жылдың қазанынан осы жылдың қаңтарына дейін Солтүстік Арал теңізіне 1 млрд текше метр су жіберілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жоспарланған көлемнен 100 млн текше метрге артық. 2025 жылдың соңына қарай теңіздегі су көлемі 23,4 млрд текше метрге дейін жетеді деп күтілуде. Қызылорда облысының күріш алқаптарын лазерлік жоспарлаушымен тегістеу және су үнемдеу технологияларын пайдалану шамамен 200 млн текше метр су үнемдеп, оны Солтүстік Аралға жіберуге мүмкіндік берді. Орташа өнімділік гектарына 40-55 центнерден 70-80 центнерге дейін артты.

Үлкен Арал теңізінің тартылған аумағын қалпына келтіру үшін 4,4 млн көшет отырғызылды. 2025 жылдың соңына қарай Арал теңізі табанын көгалдандырудың жалпы көлемі 1,1 млн гектарға жетуі тиіс.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға