Солтүстік Қазақстан облысынан шыққан Кеңес Одағының батырлары
Скнарев Александр Ильич 1912 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Володар (қазіргі Айыртау) ауданындағы Володар селосында туған. Еңбек жолын шахтада құрылысшы болудан бастаған. Ейскінің әскеритеңіз авиация училищесін бітірген. Ұлы Отан соғысына 1942 жылдың тамызынан қатысқан. Гвардия майоры, 9гвардиялық авиаполктің штурманы А.И.Скнарев 133 рет әуеге көтеріліп, 18 торпедалық шабуыл жасады, жаудың 3 транспорты мен шхунасын суға батырды. 1944 жылы 16 қазанда жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде қайтыс болды. Әуе шабуылы кезінде самолетіне оқ тиіп, жана бастайды. Осы кезде Скнарев самолетті жау транспортына бағыттап, жарды. Бірақ өздері де құрбан болды.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1944 жылғы 5 қарашадағы Жарлығымен Александр Ильич Скнаревке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин, екі рет Қызыл Ту, 1дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.
Солтүстік флоттың мұражайының ауласына Батырдың мүсіні қойылған. Айыртау ауданындағы Володаровка (қазіргі Саумалкөл) селосының бір көшесіне А.И.Скнаревтің есімі берілген.
Тихонов Григорий Матвеевич 1912 жылы 10 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Целинный (қазіргі Ғ. Мүсірепов) ауданындағы Князево селосында туған. ОңтүстікОрал теміржолында паровоз машинисі болып істеген. 19341938 жылдары Қызыл Армия қатарында болған. 1940 жылы Кеңесфинляндия соғысына қатысқан. 1942 жылы кіші лейтенанттар курсын бітірген. Орталық майдандағы 7атты әскерлер корпусының 15гвардиялық дивизияның эскадрон командирі гвардия лейтенанты Г. Тихонов Гомель облысындағы Брагинск ауданының Нивки селосы маңында болған шайқаста көзге түсті. 1943 жылдың 28 қыркүйегінде оның эскадроны Днепрден өтіп, жандарымды алып Нивка елді мекенін босатты. Гитлершілдер атты әскердің шабуылына тойтарыс бере алмай, ұрыс даласында өлген солдаттары мен офицерлерін тастап селодан кетті.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1944 жылғы 15 қаңтардағы Жарлығымен Григорий Матвеевич Тихоновқа Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Ленин, Александр Невский, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.
1944 жылы13 ақпанда ұрыс даласында қайтыс болды. Мозырь қаласында жерленген. Осы қаладағы Даңқ қорғанына оның есімі жазылған ескерткіш тақта орнатылған.
Устинов Иван Макарович 1917 жылы 15 қыркүйекте Кемеров облысындағы Тайга қаласында туған. Кемеров құрылыс техникумын бітірген. 1938 жылға дейін Петропавл қаласындағы универмагтың директоры болып істеді. Осы жылы Петропавл ҚӘКтың шақыруымен Қызыл Армия қатарына алынды. 1941 жылы кіші лейтенанттар курсын, 1944 жылы М.В. Фрунзе атындағы Әскери академияны бітіреді. Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың маусымынан қатысты. ІІІ Белорус майданындағы 2гвардиялық армияның 21гвардиялық атқыштар полкінің командирі гвардия майоры И.М. Устинов ШығысПруссия операциясын жүзеге асыруда ерекше көзге түсті. Ол Пиллау қаласы (Калининград облысы, қазіргі Балтийск қаласы) үшін 1945 жылы 25 сәуірде болған шайқаста полкті шебер ұйымдастыра алып, ерлік пен батылдық көрсетті.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1945 жылғы 5 мамырдағы Жарлығымен Иван Макарович Устиновқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1958 жылдан запасқа шықты. Мәскеу қаласында КСРО КМ сауда бас басқармасында аға инженер болып істеді.
Ленин, екі рет Қызыл Ту, 3дәрежелі Суворов, 1дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және медальдармен марапатталған.
1985 жылы 7 маусымда қайтыс болып, Мәскеу қаласындағы Кузьминск зиратына жерленген.
Ущев Борис Петрович 1915 жылы Петропавл қаласында туған. Оқуды Омбы қаласында оқыды. 1935 жылы Ленинградтағы теміржол транспорты институтына түседі. Екінші курста оқып жүргенде оны аудандық комсомол комитетіне шақырып, әскеритеңіз училищесіне ауысуға кеңес береді. Сөйтіп, комсомолдың жолдауымен студент Б.Ущев лейтенант дәрежесін алып, Балтық флотына жіберілді.
Жас лейтенант Ущев соғысты Таллинн қаласында бастады. Балтық флотының кемелері осында еді. Соғыстың алғашқы айында немістің «Солтүстік» тобы 8армияның қорғанысын бұзып, Фин шығанағына қарай өтіп кетті. Эстонияда соғысып жатқан Кеңес әскерлері Ленинградқа қарай соғыса отырып, шегініп бара жатқан негізгі күштерінен бөлініп қалды. Міне, осындай жағдайда Кеңестің Жоғары Бас командованиесі Балтық флотының командованиесіне Таллиннді қайткен күнде де қорғауға бұйрық берді. Өйткені, бұл бөлініп қалған әскерлерді жабдықтаудың және оларды бері көшіріп алудың мүмкіндігін берген жалғыз ғана айлақ болатын.
Б.П. Ущевтің торпедалы катерлері неміс басқыншыларының зәреқұтын ұшырды. Олар Ущевтің торпедалы катері шыққанда естері кете қорқатын. Немістер командир катерін көрген беттенақ «Теңізде Ущев», «Теңізде Ущев» деп радиодан жанталаса сақтандыратын.
1941 жылғы 2829 тамызда біздің теңізшілердің Таллиннен Кронштадқа жорығы кезінде Ущевтің звеносы «Максим Горький» крейсерін сәтті қорғай алды. Өзіне тапсырылған кемелерді бастап барған Б.П. Ущевтің катерлері Моонзунд аралдарына оралды. Осы жерде олар жаудың теңіз жолдарын бұзып, соғыс кемелерін, десант баржаларын суға батырды. 1941 жылы катершiлер бригадасының командирi Б.П. Ущев 24 операция өткiздi. Жауды iздеп түнгi жорықтарға шықты. Жау тылында да батыл қимылдап, бiрнеше операциялар жасады, Латвия жағалауына және Аэгна аралына үш десант тобын түсiрдi, Хельсинки қаласына және гитлершiлердiң басқа да базаларына баратын жолдарды миналады.
Немiсфашист басқыншыларына қарсы шайқастарда көрсеткен айбыны, өжеттiгi мен ерлiктерi үшiн КСРО Жоғарғы Кеңесi Төралқасының 1944 жылғы 22 шiлдедегi Жарлығымен Борис Петрович Ущевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілдi.
Ұлы Отан соғысының соңғы кезеңiне таман Ущев басқарған торпедалы катерлер дивизионы Данциг айлағына басып кiрдi. Кеңестiң торпедалы катерлерi қоршауда қалған Шығыс Пруссиядағы немiс әскерлерiн жабдықтап, көшiрiп алатын соңғы ыңғайлы жолдың бiрі болған осы торапты оқтыноқтын бұзып отырды. Осы жерде қаһарман капитан Ущев басқарған Кеңес теңiзшiлерi жаудың екi iрi кемесi мен екi десант баржасын суға батырып жiбердi.
Ол соғыстың соңғы күнiне дейiн шайқастарға қатысты. Соғыс бiткен соң Әскеритеңiз академиясы жанындағы курсты тәмамдап, 16 жыл бойы Қызыл Тулы Балтық флотында қызмет еттi. Кемелер командирi болып, жас теңiзшiлердi баулыды. Ол запасқа шыққасын да қоғамдық қызметпен жiгерлене айналысты. «Қазiргi жастарымыз, – дедi Борис Петрович, – бейбiт күнде де, сондайақ соғыс кезiнде де қажеттi қасиеттерге тәрбиеленуi керек. Бұлар адалдық, имандылық, Отан мен өз халқына шексiз берiлгендiк сияқты нағыз адами қасиеттер болуға тиiс».
1972 жылдан берi І рангалы капитан Ущев запаста. Ленинградта тұрады.
1985 жылы Борис Петрович туған жерi Петропавлға келiп, қала мектептерiнде, Мемлекеттiк архивте болды. Ол он бес жыл бойы хат алысып тұратын.
Петропавл көшелерiнiң бiрiне оның есiмi берiлген. Соғыстың алғашқы жылында Б.П.Ущев қызмет атқарған кеме тұғырға қойылып, Балтық катершiлерінің соғыстағы ерлiктерінің құрметiне ескерткiшке айналды.