Солтүстікқазақстандықтар жылқы сүйектері пайдаланылатын ежелгі ұлттық «Ботай» ойынын жаңғыртуда

«QymyzFest» фестивалі аясында «Қызылжар жастары» қоғамдық бірлестігі «Ботай» ұлттық ойыны бойынша облыстық ашық турнир өткізді.
«Ботай» ойынының ерекшелігі – онда жылқы сүйектері пайдаланылады. Ойынның бірегейлігі Қазақстанның солтүстік аймағына тән, бәлкім, оны ботайлықтардың өздері ойнаған болу керек.
Турнирге Ақмола облысы, Көкшетау, Нұр-сұлтан, Петропавл қалалары мен СҚО аудандарының командалары қатысты. Жарыс жеке сынақта өтті.
Петропавлдық Әсет Демесинов ойын қорытындысы бойынша жеңімпаз атанды. Екінші орынды көкшетаулық Самат Әукенов, үшінші орынды Нұр-Сұлтан қаласынан Ескендір Рахметов қанжығасына байлады.
«Сұрмерген» номинациясы Әсет Рамазанов (Жамбыл ауданы), «Көрермендер көзайымы жүлдесі» Қазақстанның «Асық ату» ұлттық ойыны бойынша үш дүркін чемпионы, Қазақстан құрамасының ойыншысы Мырза Қайыпбеков (Нұр-Сұлтан қ.), «Жеңіске ұмтылу» номинациясы бойынша Ақжан Сұрағанов (Петропавл қ.) жеңімпаз атанды. Барлық жеңімпаздар дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
