Жаңалықтар

Софья Тасмағамбетова Монте Карло театрында қойылымды ұйымдастыруға қатысты

Софья Тасмағамбетова Монте Карло театрында қойылымды ұйымдастыруға қатысты
Фото: Монте-Карло театры 25.11.2023 13:06 1127

Суретші София Тасмағамбетова Монте Карло театрында опера қоюға көмектесті. Ол "Дон Карло" операсының костюмдері бойынша суретші болған. 4 актіден тұратын қойылым Испанияда сахналанды. Қоюшы режиссер Дэвид Ливермор атап өткендей, оның алдында тарихи кезеңге сәйкес келетін, бірақ сонымен бірге өте заманауи қойылым жасау міндеті тұрды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Монте-Карло театрына сілтеме жасап. 

Софья Тасмағамбетова Монте Карло театрында қойылымды ұйымдастыруға қатысты

Қойылымда XVI ғасырда кезеңі суреттеліп, сахнада болып жатқан оқиғалар арасында тұрақты өзара әрекеттесуді тудыратын көрініс өте жоғары технологиялық тұрғыда дайындалды. Біз 16 ғасырдағы испан қоғамының картинасының проекциялары секілді бейнелерді қолданамыз. Кейіпкерлер мен тарихи оқиғаларды көрсететін бейнелер әрдайым тұрақты қозғалыста болады", - деді Ливермор.

Софья Тасмағамбетова Монте Карло театрында қойылымды ұйымдастыруға қатысты

Әдеттегідей бұл қойылым опера және театр өнерін сүйетін көрермендер арасында үлкен жетістікке жетіп отыр. Ал қазақстандық суретші дайындаған костюмдер әсемдігімен ғана емес, сонымен қатар қойылымның негізгі шығармашылық идеясына жауап берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға