Жаңалықтар

Софья Самоделкина төрт құрлық чемпионатында жетінші орын алды

Софья Самоделкина төрт құрлық чемпионатында жетінші орын алды
Фото: ҰОК 23.02.2025 15:16 132

Қазақстандық Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан Сеулде (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еркін бағдарламада Самоделкина төрешілердің шешімімен 129,39 ұпай жинады. Жалпы есепте 193,37 ұпайға жетіп, ол жарысты жетінші орынмен аяқтады.

Алтын медальді Оңтүстік Корея өкілі Ким Чхэ Ён жеңіп алды – 222,38 ұпай. Екінші орынды 204,38 ұпаймен америкалық Брэдди Тэннел иеленді. Үздік үштікті тағы бір америкалық спортшы Сара Эверхард қорытындылады – 200,03 ұпай.

София Фарафонова 104,20 ұпай жинап, 20-орынға тұрақтады.

Еске сала кетейік, ерлер арасындағы жарыста қазақстандық Михаил Шайдоров жеке рекордын жаңартып, жеңіске жетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға