Жаңалықтар

Собордан мешітке дейін: Ыстамбұлдың басты жауһары – Айя София

Собордан мешітке дейін: Ыстамбұлдың басты жауһары – Айя София
Фото: ©El.kz/Мадина АСЫЛБЕКОВА 21.01.2024 12:22 1751

Ыстамбұл дегенде, алдымен көзге Айя София мешіті елестейтіні рас. Сондықтан Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі және TGA (Түркия туризм таныту және дамыту агенттігі) ұйымдастырған баспасөз турымыздың дәл осы киелі орыннан басталуы заңдылық. Қатпар-қатпар тарихты қазыналы сандықтай бүгіп тұрған ғимараттың бүгінгі күнге қаз-қалпында жетуі таңғалдырмай қоймайды. Әйтпесе мұнда талай соғыс та, табиғи апат та болған.   

Собордан мешітке дейін: Ыстамбұлдың басты жауһары – Айя София
©El.kz/Мадина АСЫЛБЕКОВА

Көпшілік Ыстамбұлдағы Айя София мешітін әлемнің сегізінші кереметі деп санайды. Бізге баз-баяғы қалпында жеткен ғимараттан христиандықтың да, араб мәдениетінің де белгілерін байқау қиын емес. Сол үшін болса керек, ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміндегі тарихи ғимаратта зиярат етуге бір жылда 13 миллионнан астам адам келеді екен. Тылсым сыры көп Айя Софияның тарихына El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі де көз жүгіртіп көрді.

Собордан мешітке дейін: Ыстамбұлдың басты жауһары – Айя София
©El.kz/Мадина АСЫЛБЕКОВА

Константинопльдің басты белгісі ретінде бой көтерген нысан бүгінде Азия мен Еуропаның тоғысқан жерінде тұр. Сондағы мақсат Соломон хан тұрғызып, кейіннен күллі еврей халқы ғибадат ететін Иерусалим шіркеуінен асып түсу болды. Дегенмен бұл жерде бұған дейін де, яғни Византия императоры Константин І тұсында шағын шіркеу болған, алайда оның 404 жылғы көтеріліс кезінде күлі көкке ұшты. Одан кейін салынған тағы екі шіркеуді де осындай тағдыр күтіп тұрды.

Собордан мешітке дейін: Ыстамбұлдың басты жауһары – Айя София
©El.kz/Мадина АСЫЛБЕКОВА

Собордан мешітке дейін: Ыстамбұлдың басты жауһары – Айя София
©El.kz/Мадина АСЫЛБЕКОВА

Ал  VI ғасырда билік басындағы император Юстиниан кезекті наразылықты басу үшін әлемде теңдесі жоқ шіркеу салуды тапсырған. Міне, дәл осы оқиға Ыстамбұлдағы Айя София мешітінің бастауы саналады. Оны тұрғызу үшін дүниенің түкпір-түкпірінен менмін деген сәулетшілер, математиктер шақыртылды. Осылайша 532 жылы шіркеудің негізі қаланды. Ал алғашқы кірпіші Родос аралында цемент пен майдан жасалған болатын. Одан бөлек құрылыс кезінде түрлі тастар, піл сүйегі, алтын, күміс қолданылған.

Собордан мешітке дейін: Ыстамбұлдың басты жауһары – Айя София
©El.kz/Мадина АСЫЛБЕКОВА

900 жыл бойы бұл шіркеу православ патриархы Константинопольдің резиденциясы болса, осы аралықта ол екі рет жер сілкінісінен зардап шегіп, құлаған күмбездер қайта тұрғызылды.

Собордан мешітке дейін: Ыстамбұлдың басты жауһары – Айя София
©El.kz/Мадина АСЫЛБЕКОВА

Ал XV ғасырдың орта тұсында Византия империясы құлап, шаһар Осман империясының қарамағына өткенде, Мехмед сұлтан Софияның маңына мұнаралар салуды тапсырған. Осы сәттен бастап Айя София 500 жыл бойы мұсылмандар мінәжат ететін Қағбадан кейінгі екінші орынға айналды.

Собордан мешітке дейін: Ыстамбұлдың басты жауһары – Айя София
©El.kz/Мадина АСЫЛБЕКОВА

Осман империясы құлдыраған соң билікке келген Мұстафа Кемал Ататүрік Айя Софияға музей мәртебесін берді. 1985 жылы ол ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енді.

Собордан мешітке дейін: Ыстамбұлдың басты жауһары – Айя София
©El.kz/Мадина АСЫЛБЕКОВА

Ал 2020 жылғы 10 шілдеден бастап Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның шешімімен Айя София қайта мешітке айналды. Онда құлшылық етуге әлемнің түкпір-түкпірінен келген адамдарды көресің.

Собордан мешітке дейін: Ыстамбұлдың басты жауһары – Айя София
©El.kz/Мадина АСЫЛБЕКОВА

Бүгінде мешіттің жанынан арнайы музей ашылған. Бұл ­– мінәжат ететіндерге кедергі келтірмес үшін де, қонақтардың қауіпсіздігін сақтап, сапалы қызмет көрсету мақсатында да жасалған қадам. Ал музейде нысанның сан жылдық тарихымен визуалды түрде таныса аласыз. Туристерге мәліметтер 16 тілде қолжетімді.

Түркия жайлы толық ақпаратты goturkiye.com сайтынан біле аласыздар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға