Жаңалықтар

Соғыстан кейін жаңарған өлке

Ел экономикасы мен мәдениеті қалай көгерді?
Соғыстан кейін жаңарған өлке
28.10.2020 16:44 4020

Ұлы Отан соғысы бүкіл дүние жүзіне айтарлықтай залал әкелді. Оның ішінде Қазақстан да біраз зардап шекті. Қырғын аяқталғаннан кейін ауыл, аудан, облыс тұрғындары біраз уақытқа дейін ес жия алмағаны белгілі. Себебі біреуінің жақындары оралып қуанып жатса, енді біреуі керісінше қара қағазбен қайғырып жатты. Газет беттерінде Отан соғысында ерлікпен соғысқан батырлардың оқиғасы жазылды.

   Соғыстан кейін жаңарған өлке

Мәселен, «Тың өлкесі» газетінде «Жаңа техника тезірек жасалып өндіріске еңгізілсін» деген атаумен мақала жарық көрген. Онда тұрмысқа керекті өнім жинайтын машиналарды жаңартып соғаыстан кейінгі қирап қалған ауыл, аудан, қала тұрмысын жақсарту туралы жазылған. Химия машиналарын жасау үшін пайдалы кеңестер беріліп ескертпе де жасалған. Қазіргі пештердің халыққа қалың қыстаң шығуы үшін жаңа тұрмыс құруды көздейді. Соғыстан жараланып келген батырлардың денсаулығын сақтау үшін медицина қызметін дамытып жаңа құрылғыларды орнатуымез керек деп түсіндіріледі.

Аталған газетте сол секілді «Әрқашан күн сөнбесін» деген атаумен мақала жарияланған. Соғыс салған жағаның ізі мен дағын жерден аңдап қаласың. Қираған өртенген мекендер қалпына келтіріліп, халықтың тұрмысы бұрыңғыдан әлде қайда жақсара түскен. Бірақ сол сұм соғыстың басқа қырсығын былай қойғанда, қаншама миллиондаған адам баласының қанын жұтқанын, әрбір семьяны аяулыларынан айырып жетім-жесір қалдырғаны анық. Польша мен Чехославакияда көрген санаулы зираттар, ескерткіштер, монументтер осынау бауырлас елдерді гитлершіл жыртқыштардың тұяғынан азат ету жолында құрбан болғадардың қазіргі тірі куәлері іспетті.

Соғыстаң кейін газеттердің барлығында жеңіс деп айқайлаған ұран, кеңестік қызыл тудың көтерілгені, өлең шумақтар т.б. жарияланған. Газетте Ғани Жүсіпованың «Біздің Жеңіс» деген өлеңі шығыпты. Өлеңнің соңғы шумақтары: «Жаулардың босқа кетіп арам тері,

Арылды фашистерден Совет жері.

Намыс-кек жеңіспенен аяқталып,

Тігілді рейхстагқа Совет туы», - деп қуанышпен ұрандатқан. Газеттерде сонымен қатар соғысқа қатысқан батырлар, аға лейтенант, халық қаһармандарының соғыста өткен оқиғалары, басынан кешкен қиында қанды майданның зардабы, олардың соғыстығы ерлігі туралы өздері деп баяндаған. Ақмола облысынан барған майор Скворцов басқарған әскери топ соғыс бітер уақытта төрт сағаттың ішінде соғыс ауылындағы 420 үйді миналардан тазартып, 640 адамды өлімнен құтқарғаны жөнінде ерең еңбегі жазылған.

1945 жылғы май айынан кейінгі ақырғы зымыран оты жалғасып, алуан салют оттарын жарқыраған жеңістің ұрандаған қуанышты әсері келді. Ұлы Отан соғысы жылдарында әр түрлі ұлттар достығының жарасым бірлігі күшейді. Бұрынғы қираған, отқа оралған, жарылған елді мекен, қыстаулардың барлығы қайта өңдеуге жіберілген. Ірілі-кішілі қиыр шығыста жатқан ауыл, аудан қалаларда жаңадан зауыт фабрикалары, астық фабрикалары тұрғызылды. Халықтың жұмыс күшін нығайту мақсатында, денсаулығы жарамды тұлғаларды жұмыспен қамту ісі қолға алынды. Соғыстан кейін біраз жыл өте бере халықтың тұрмыс-тіршілігі бір ізділікке бағыт алды. Мал шаруашылығын өркендету күнделікті тұрмыс жағдайлар туралы біркелкі жұмыстар атқарылды.

Халықтың соғыстың отты шайқасынан барынша мазасы кеткені де газет беттерінде байқалады. Асыраушыларынан айырылған тұрғындардың соғыстан кейін үкіметтен көмек сұраған мақалалары газет беттеріне шыққан. Сол сияқты экономикаға байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат көруге болады. Олардың көбісі жаңа қарқынмен жұмыс істеуге шақырған. Соғыс уақытында газеттердің сапасы нашар болса, соғыстан кейін жақсарып қаріптерінің түсі қоюланғаны байқалады. Газет қағаздары да қалындаған. Оның өзі сол уақыттағы баспасөз саласының жағдайы дұрысталғанын білдіреді. Соғыстан кейін өлке жандануы бойынша мындаған жаңа жұмыспен қамту ұйымдары ашылған. Газеттерде бос орындар, қызметкер іздейміз деген сияқты жұмысқа алу жөнінде шағын жарнамалар шығып отырған. Дүкен сөрелерінің сәлде болса соғыстан толыққаны туралы да мағлұматтар бар. Сонымен бірге соғыс уақытында қырылып, үйлері құлап, малдары қараусыз қалып, өздері қоныс аударған халықтар туралы да мәліметтер бар. Соғыстан осындай қараусыз қалған ауылдар жаңадан салынып, онда жұмысшы тобын ұйымдастыру үшін арнайы топ құрып жаңадан бастаған. Осылайша жаңа ауылдар құрыла бастаған. Ақмола облысы бойынша бірнеше ауылдарды қайта құрып жаңартқан. Тіпті соғыстан кейін қирап қалған мекемелрге қайта жөндеу жұмысы жүргізіліп оларға жаңа тпехникамен, жиһаздармен қамтыған.

Соғыстан кейін «Коммунизм нұры» газет «Ғалымның трибунасы» деген айдар еңгізілген. Онда ғалымдардың айтар ойы, елдің шаруашылығын, өнеркәсібін дамытуы бойынша оқыған, сауатты ғалымдардың пікірі жазылатын болған. Сондай бір мақаланың бірі «Органикалы тыңайтқыш – мол өнімнің кепілі» деп аталады. Онда «Көңді қалай көбейтуге болады», «Көңді сақтау», «фосфорит ұнынан көн қордасын жасау» т.б. сияқты пайдалы кеңестер жарияланып отырған. «Мал астына салынған төсеніш көнді көбейтудің және оның сапасын жақсартудың бірден бір жолы. Тыңайтқыш және агротопырақ жөніндегі Бүкілодақтық ғылыми зерттеу институтының зерттеуі бойынша тәулігіне бір сиырдың астына төсеген төсекті 2 килограмнан 6 килограмға дейін қалындату көнді 30-40 пайызға дейін молайтып, азот шығынын 3-4 еседей сақтап қалады. Чуваш АССР-іне қарасты «Победа» және Ленин атындағы колхоздар мал астына төсекті қолданып, әр сиырдан жылына 10-13 тонна көң әзірлеп келген.

Газетте суармалы егіске көшу жөнінде көптеген мақалалар шыққан. Онда Ақмола облысының савхоздарының сол уақыттағы жағдайы жазылып отырған. Олардың басым бөлігінің егістікке жақсы жұмыс істеп жатқанын жазады. Бұл кезеңде қаншама гектар жерлерге тұқым себілетінін, оларған қандай өнім егілетіні, оның жемісі қашан берілетіні, жұмысқа қанша адам тартылатын, оларға бөлінетін жеңілдіктер туралы сөз етілген. Сонымен қатар егістіктің алқабын суару үшін арықтардың дұрыс салынуы басты мақсатқа алынған.

Тек шаруашылық мәселесі ғана емес, тұрмысқа да байланысты біраз ақпарлар берілген. Онда төтенше жағдайларға байланысты алдын ала ескертулерде кездеседі. Су тасқынының алдын алу бойынша Ақмола совхозындағы кейбір алыс орналасқан аудан, ауылдарға арнайы құтқару бөлімшесін жіберетіні туралы деректер бар. Сауат ашу мәселесіне байланысты газеттерде біраз ақпараттар жарияланып отырған. Онда ғылыми жаңалықтар, есептер, әдеби әңгімелер т.б. бар. Соғыстан кейін жаңа мектептердің ашылғаны туралы деректер де кездеседі. Газеттерде жылдың басында мектепке оқуға алатын бала санын шығарып тұрған.

Газеттің бір тарауы шығармашылық айдарыда болған. Онда «Бүгін театрда», «Театр және кино», «радио» т.б. айдарлар бар. Онда бүгіңгі күннің кестесі, қай уақытта болатыны, қандай шығармалар қойылатыны, кімдер өнер көрсететіні туралы мәліметтер беріп тұрған. Ақмола облысында шығып отырған күнделікті газеттердің қай-қайсысының болмасын төменгі бөлігінде «Ауа-райы» айдарымен бүгінгі, ертенгі күндері болатын ауа-райы бағдарын ұсынып отырған. Газеттердің келесі бөлімінде не туралы жазылатынын және алдынғы бөлімінде не туралы жазғанын хабардар етіп отырған.

«Молодой целинник» газетінде «Выпуск молодых специалистов» деген шағын мақала жарияланған. Онда осы жылы Горковь атындағы политехникалық институтта бітіретін түлектер саны өте көп. «Коммунизм нұры» газетінде соғыстан кейін қайта салынып жаңарған ауылдар туралы мақалалар жарияланған. «Жаңарған ауыл» деп аталатын мақалада «Қызыл құрама» совхозының Бозша участогінде бұрынғы жылдары небәрі он шақты ғана үй болатын. Олардың бәрі көріксіз төбесі аласа, жер кепелер еді. Мектеп, мәдени ошақтары атауымен жоқ-ты. Қазір Бозша ауылы танымастай өзгерді. Отызға жуық тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Таяуда ғана мектеп, магазин, кеңсе үйлері пайда болды. Совхоздың товарлы-сүт фермасы осында орналасқан. Өткен жылы мұнда үш сиыр қорасы салынған еді. Биыл 200 басқа арналып стандартты жаңа қораның құрылысы басталды. Ол келесі жылы пайдалануға берілмек.

«Жаңарған ауылдың бейнесі бірден ақ көз тартады». Қандай газетті алсаңда осындай мақалаларды кездестіресіз. Олардың көбісі қираған ауылдарды қайтадан жаңа қалыпқа еңгізген. Ауыл ішіне мәдени орталықтарды т.б. шығармашылық орталықтарын салып отырған. Олардың әрқайсысы халықты жұмыспен қамту мақсатын алға қойған. Қазақ даласының мал шаруашылығына қатысты шаруашылықпен айналысатын шағын фирмаларда ашып отырған. Осылайша ауыл өркениетін көтеруге барынша атсалысқан. Сонымен бірге газеттерде халықты жұмылдыру үшін науқандарда өткізіп отырған. Мысалы ауылдардың арасында мал басының көбеюі негізінде жарыстар т.б. Қорғалжын ауданында жарыс негізінде халықтың талпынғаны сонша Қорғалжынды қойлы өңір деп атап кеткен. Қой басынан кемінде 3 келі сапалы жүн қырқуды алға мақсат етіп қойған. Халықтың көп бөлігі мал шаруашылығымен айналысқан. Ең бірінші күн көру нысаны осы шаруашылық болған.

Соғыстан кейін газеттердің бірізделінгені байқалады. Бұрыңғы атыс-шабыс ұрыс, соғыс туралы емес, енді газеттер ауыл, аудан, қала тіршілігін сөз етіп, олардың ішкі-сыртқы өнімдері, жұмыстары, мәдениеті, шаруашылығы туралы жазып отырды. Ауыл ауруханалары оның жаңадан келіп жатқан технологиялары т.б. Ауыл арасында ендігі кезектегі маңызды мәселе нағыз кәсіпқой жұмыскерлер еді. Ауыл ішінде ол кезде оқыған білікті маман табу қиын болған. Себебі жаңа техника барда оны іске асырып қолданатын маманның жетіспеуі маңызды сұрақ болды.

Соғыстан кейін шаруашылықпен қатар сауда ісі де жақсы дамыған. Күн-көріс үшін малдың терілері, еті, сүті т.б. барлық сүт өнімдерін сатуменде айналысқан. Бұл өнімдердің өтілі ауылдардан көрі қалаларда жақсы табыс көзі болған.

Соғыстан кейін техниканың да жақсы жұмыс істегенін айту керек. Оған мысал газеттегі «Монтажшылардың көмегі» атты мақаласынан байқауымызға болады. «Мал шаруашылығы жұмыстарын механикаландыру мақсатымен «Целиносельхозтехника» бірлестігінің Павлодар ауданындағы бөлімшесінің жанынан құрылыс – монтаж басқармасы ұйымдастырылды. Басқарманың алғашқы қадамы ойдағыдай. Мәселен, жолдас Заяц басқарған бригада №23 совхозға қолқабыс тигізіп, төрт сиыр қорасының су құбырын орнатты. Аспалы жолдар, автоматты суарғыштар жасады.

Соғыстан кейін совхоздардың атауы да жаңа өзгерістерге ұшыраған. Ескі атауының өзгеруінің себебінің бірден-бір негізі осы жаңа қарқын болып отыр. Алайда соғыстан кейін барлық өркениет атаулысы жақсарып, жаңарып кетті деп айтуға тағы болмайды. Газет бетінде көбінесе мақалалар үстіртін ғана жазылған. Сондықтан олардың нақты қандай мәселелердің жасырын қалып қойғаны белгісіз.

Соғыс біткеннен кейіңгі өзгерістер, соғыстың соңғы сағаттары туралы ақмолалық А.Дубицкийдің газетте жарияланған мақалалары бар. Ол мақалалардың қиындылары Нұр-Сұлтан қалалалық мемлекеттік архивте сақталған. Соның бірі «Конец великой битвы» мақаласы. Ол кезде А.Дубицкий запастағы капитан қызметін атқарған. Тарихи соғыс уақытында 1942 жылы Ақмолада құрылған А.Дубицкий 29-шы атқыштар дивизиясында ерлік көрсеткен. Төрт айдай батырлықпен күш көрсетіп, өздерінің ерлігін дәлелдеген. Кейін 29- дивизиясы 72-ші гвардиялық атауына өзгерген. Ол өз кезегінде әскери қызмет атқарып жүргенімен қатар жазушы да болған. Соғыс біткеннен кейіңгі уақытта «Молодой целинник» газетінде «Солдат и газетчик» сынды мақалалар шығып отырған. Архив деректеріндегі бұл мақалалның жарты беті сақталмаған. Жалғасы келесі бетте деген газет қиындысы ғана қалған. Сол уақыттағы солдаттар кейін соғыс біткеннен соң осылайша газеттерге мақала беріп, өздерінің өткен өмірлерін бейнелеп газет беттеріне жазып отырған. Газеттерде соғысқа қатысқан батырлардан алынған шағын сұхбаттар жарияланған.

Ақмола облысының тағы бір газеті «Целиноградская правда» газеттің қай нөмірін алып қарасаңыз да барлығы «Барлық елдің пролетариаттары бірігіңдер!» деген ұранмен шығып отырған. Сонымен қатар газеттерде дүкендерге келіп түскен жаңа тауарлардың жарнамасы да бар. Газеттің төменгі бөлігіндегі бағанда қою әріппен «Ақмола қаласы, Динамо магазинінен» деген атаумен мынадай жарнама ілінген. Алда келе жатқан қыс мезгіліне арнап «Нурмис», «Снегурка», «Англиский спорт» фирмалық тауарларынан үлкен таңдалымда конькилер келіп түсті. Алғысы келген адамдардан алдын ала жартылай төлеммен бірге тапсырыс қабылданады», - деп көрсетілген.

«Новая степь» газетінде 1931 жылғы құрылыс жұмыстарына, халық шаруашылығына осы жылы 1 миллиард 600 миллион рубль беріледі. Қалалық өңірге 1100 миллионы берілсе, ауылдар 500 миллион берілетін болады. Шағын ауылдарға ол қысқа мерзімге ғана берілетін болады. Несие алғашқы колхоз ұжымдық фермерлерімен, социалистік кеңіштердің иелеріне беріледі. Олар өздерінің істерімен тек колхоз тұрғындарын ғана емес ауылдық жерлерде қызықтыру қажет. Коммунист, комсомол, кәсіподақ мүшелеріне несие берілмейді. Көлемі 10 жылдық мерзімді қамтиды», - деп И. Павлович хабарлаған. Осындай мақалаларда ол кездегі несиелік процестің жүріп отырғанын дәлелдейді. Қазіргідей банк кенселері болмасада, арнайы айналысатын қызметтер түрі еңгізілген.

Шығармашылық кезеңге келер болсақ, ол кезеңде театр, кино, жаздық лагерлер, концерттер ұйымдастырылып отырған. Оның жарнамалары да газет беттерінде бар. Шақыру билеті «Жаздық театр. 2-ші шілде. Атауы «Платок и сердце» және театрда арнай костюмдер мен декорация» болатынын хабарлайды. Соғыстан кейінгі кезеңінде газетте Кеңес одағының батыры Кранокутск өндіріс басқармасы парткомының секретары М.Қайырбаевтың «Алғашқы айқас» мақаласы жарыққа шыққан. Мақалада соғыс кезіндегі жағдайларды бейнелеген. «Біздің батареяда (Мен комондир болдым) 76 милиметрлік 4 зеңбірек, 2ПТР, бірнеше автомат, винтовкамен қаруланған бірнеше адам болған. Қарсыласымыздың күші үш есе. Кешке қарай атыс тоқтағанда майдан алаңында жаудың 7 танкісі, 9 зеңбірегі жайрап жатты. Бір батальон солдаттары жермен жексен болды. Бұл 1943 жылдың 4 декабрі. Соғыстың бәсенсуінен кейін біздің Батысқа қарай лап қойған шабуылымыздың басы. Әйгілі «Витебский котел» атанған шайқасқа қатысып, жаудың қамауындағы 5 дивизиясын құртысуға тура келді. Менің омырауымда тағылған бірнеше медаль, бірінші дәрежелі «Отан соғысы» ордені, «Александр Невский» ордені Совет Одағының Батырының Алтын Жұлдызы сол бір шайқастардың ескерткіші, сондағы жанқиярлықпен күрескен еңбегімнің жемісі», деп мақтанышпен әңгімелейді. Дәл осы газетте Есләм Зікібаевтың, «Есімізде сол бір күн» деген өлең шумақтары шыққан.

«Ұмытқам жоқ қырық бірдің көктемін,

Тұтқиылдан тұтылғандай көкте күн.

«Соғыс!» деген кесепатты жалғыз сөз,

От боп өртеп жүректерді өткенін», - деп өлең шумақтарын арнаған.

Газеттерде шаруашылық, егіс алқабы өнімдері бойынша шағын есептер беріліп отырған. Мысалы «Күнбағыс егу» мақаласында облыс деңгейін Күнбағыс өнімінің артқаны және оны биыл төрт есе көп жерге егетінін жазады. Барлық егіс көлеміне көңге қосымша ретінде 20 тонна суперфосфат еңгізілген.

«Тың өлкесі» газетінде «Көктем күнделігі» деген атаумен арнайы айдар шығып отырған. Онда шаруашылық туралы біраз ақпараттар, жаңалықтар, өлкенің тыныс жазылады. Газетте тілшілер тұқым себу жұмысының өте қарқынды жүріп жатқанын қабарлайды. Бір ғана «Спутник» савхозында 62 агрегат тұқым сеуіп жүр. Совхозда қазірде барлығы 6000 гектар жерге тұқым себілген. Евгений Кунцер басқаратын агрегат норма бойынша 40 гектар тұқым себудің орнына күн сайын 70 гектардан егін салып отырған. Өндіріс басқармасының совхоздары көпжылдық шөп егуді аяқтаған. Басқарма барлығы 20 мың гектар жерге шөп еккен. «Совхоз механизаторлары күнбағыс себуді осы жылы аятаған. Целиноград облысының Ерейментау өндіріс басқармасының жекелеген шаруашылықтары алғашқы жүздеген гектар жерге тұқым сіңірген. Бұдан шығатын қорытынды сол өлкеде тұқым себудің жаппай жүргізілуі керек дегенді көздейді. Тұқым себетің агрегаттарды құрастырып, сеялкашыларды іріктеп алу бүгіңгі күннің негізгі мәселесі.

Соғыс уақытында Ақмола облысынан көптеген жас майдангерлердің жауға қарсы күресін толассыз жазуға болады. Жоғарыда жазылғаннан бөлек жойылып кеткен газет материалдары қаншама. Олардың бірі сақталса кейбірі туралы толық мәлімет жоқ. Ол кезеңдегі газет құралдары болған оқиғаны анық түрде жазуға тырысқан. Ол туралы жоғарыда жазылған газет тілшілерінің мақалаларынан байқауымызға болады. Алайда, осы уақыттағы көптеген мәліметтердің дұрыс жетпеуі жазушы жұмыс тобының аздығының септігі болғанын да ескеруіміз керек. Соғыстан кейін қазақ халқының тіршілігі олардың өмірі, эеономикасы, мәдениеті шаруашылығ туралы газеттерде көп ақпараттар бар. Ал Ақмола облысында жарыққа шыққан газеттерде де бұл жоғарыдағы мәселелер жазылып отырған. Олардың барлығы жаңа өлкенің жаңаруын жарыса жазады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға