Жаңалықтар

Соңғы тәулікте 2,7 мыңға жуық адам індет жұқтырды

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 338 090 жетті.
Соңғы тәулікте 2,7 мыңға жуық адам індет жұқтырды
Фото: El.kz 27.07.2022 08:33 1628

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 26 шілдедегі эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметті таратты, деп хабарлайды  El.kz.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2684 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 338 090 жетті.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында - 864,

Алматы қаласында - 505,

Шымкент қаласында – 84,

Ақмола облысында – 89,

Ақтөбе облысында – 33,

Алматы облысында - 73,

Жетісу облысында - 74,

Атырау облысында - 68,

Шығыс Қазақстан облысында - 20,

Абай облысында - 43,

Жамбыл облысында - 81,

Батыс Қазақстан облысында - 52,

Қарағанды облысында - 379,

Ұлытау облысында - 41,

Қостанай облысында - 49,

Қызылорда облысында - 102,

Маңғыстау облысында - 34,

Павлодар облысында - 49,

Солтүстік Қазақстан облысында - 24,

Түркістан облысында - 20.

Сондай-ақ 1314 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Елімізде барлығы 1 303 634 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

2022 жылғы 26 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 547 152 адам, 2 - ші компонентін 9 328 091 адам салдырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға