Жаңалықтар

Сметов Париж Олимпиадасына бару үшін тағы сынға түседі

Сметов Париж Олимпиадасына бару үшін тағы сынға түседі
Фото: Дзюдо федерациясы 03.06.2024 19:01 756

Еліміздің дзюдо федерациясы 60 келіде Париж Олимпиадасына баруға үмітті балуандар арасында белдесу өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан дзюдо федерациясының мәліметінше, 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасының қатысушысын анықтау мақсатында олимпиадалық рейтингте Олимпиадаға қатысуға үміткер спортшылар арасында іріктеу белдесуін өткізілмек. 

Іріктеу белдесулері ұлттық құраманың Алматы қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында 7 маусым күні ұйымдастырылады. Халықаралық дзюдо федерациясының және Халықаралық Олимпиада комтетінің ережесі бойынша жазғы Олимпиада ойындарына дзюдодан әр салмақтан әр елден тек бір спортшы қатысады. Қазіргі таңда 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық үш спортшы, атап айтқанда, Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов және Мағжан Шамшадин Олимпиадалық рейтингте жолдама иегерлері тізімінде тұр, - деп жазылған федерация таратқан ақпаратта. 

Іріктеу белдесулері туралы толығырақ мәлімет қосымша хабарланады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға