Жаңалықтар

Смайылов елді мекендерді сумен қамтамасыз ететін ведомстволарды сынады

Смайылов елді мекендерді сумен қамтамасыз ететін ведомстволарды сынады
Фото: t.me/KZgovernment 22.05.2023 09:13 681

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Үйлестіру штабының отырысын өткізді, онда елді мекендерді сумен қамтамасыз ету шаралары қаралды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2025 жылдың соңына дейін халықты сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда ауыз суға қолжетімділік қалаларда – 98,4%-ды, ауылдарда – 94,5%-ды құрап отыр.

Ең аз қамту Абай, Ақмола және Жамбыл облыстарының қалаларында, сондай-ақ Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауылдарында тіркелген.

Биыл сумен жабдықтау, су бұру жүйелерін салу және реконструкциялауға республикалық бюджеттен 402 жобаны іске асыруға 280 млрд теңге бөлінді. 

Жалпы, 2025 жылға дейін қалған 25 қала мен 1 395 ауылдың халқын таза ауыз сумен қамтамасыз ету қажет.

Премьер-министр мамыр айының басында Үкімет отырысында ауыз су жобалары бойынша «аяқталмаған құрылыстар» туралы айтылғанын еске салды. Оларды аяқтаймыз дегенше, қолданыстағы инфрақұрылымдар жарамсыз болып қалуда.

Ақтөбе қаласындағы Қарғалы шағын ауданының тұрғындары суық су мен ыстық судың жиі тоқтап қалатынына шағым айтуда. Ақмола облысының Егіндікөл ауданында әбден тозығы жеткен Нұра су өткізгіші жалғыз өзі 12 ауылды сумен қамтамасыз етіп отыр. Ондағы судың шығыны 70-80%-ға жетеді. Бұл ауылдардың тұрғындары құбырлардың жиі жарылуынан айлар бойы сусыз қалады, — деді Әлихан Смайылов.

Бұлар биыл халықтан ресми түрде келіп түскен 9 мың шағымның бірнеше мысалы ғана.

Ол мұндай кемшіліктер тек бүгін айтылған өңірлерге ғана емес, көптеген әкімдіктерге тән екенін айтты.

Cу мәселесінің үлкен әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, әрбір өңір, әсіресе ең төмен көрсеткіштері бар облыстар жұмысты жандандыруы керек. Индустрия министрлігі бақылауды барынша күшейтуі тиіс, — деді Әлихан Смайылов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға