Жаңалықтар

Смайылов ЕАЭО-ның сауда-экономикалық саланы дамытуда пайдаланылмай келген әлеуеті жайлы айтты

Смайылов ЕАЭО-ның сауда-экономикалық саланы дамытуда пайдаланылмай келген әлеуеті жайлы айтты
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі 26.10.2023 19:29 1053

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет басшысы ЕАЭО-ның сауда-экономикалық саланы дамытуда пайдаланылмай келген зор әлеуеті бар екеніне тоқталды. 

Алайда тың жетістіктерге жету үшін интеграцияның қазіргі қалыптасқан жағдайына шынайы баға беру қажет

Осы мақсатта биылғы мамыр айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылданған міндеттемелердің орындалуын бағалауды тапсырды. Ұсынылған баяндама жобасын сапалы деңгейде пысықтау қажет деп санаймыз, — деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов сауда-саттықтың ұлғаюына транзиттік әлеуетті тиімді пайдалану мен дамыту ықпал ететінін атап өтті. 

Мәселен, қазіргі уақытта ЕАЭО аясында тауарлар айналымын бақылаудың бірқатар жаңа тетіктері, оның ішінде навигациялық пломбалар қолданылып келеді.

Мүше мемлекеттердің аумағы бойынша барлық жүк тасымалы бақыланатын болады. Бұл ретте бизнес үшін навигациялық пломбаларды кезең-кезеңмен және барынша “ауыртпалықсыз” енгізуге тиіспіз. Комиссияға бұл жұмысты бизнестің пікірін ескере отырып жүргізуді ұсынамын, — деді премьер-министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға