Жаңалықтар

Смайылов ауылдарға бөлінген қаржыны игере алмаған өңірлерді сынады

Смайылов ауылдарға бөлінген қаржыны игере алмаған өңірлерді сынады
Фото: t.me/KZgovernment 25.07.2023 11:09 1081

Елімізде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген қаражатты игере алмай отырған өңірлер бар екен. Олар туралы Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың сөзіне қарағанда, соңғы үш жылда осы мақсатта республикалық бюджеттен 326 млрд теңге бөлінген. Соның ішінде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша  3,7 мыңнан астам жоба мыңнан астам ауылда іске асырылды.

Оқи отырыңыз:

33 мың жұмыс орны құрылды. Биыл республикалық бюджеттен 198 млрд теңге бөлінді. 800 елді мекенде шамамен 2 мың жоба іске асырылады, - деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының айтып отырғаны, бұл бағдарламаның тиімділігі. Әрине, оның шарапатын көріп отырған өңірлер жоқ. Бұл қатарда Павлодар, Ақтөбе және Қызылорда облыстары қаржыны тиімді игерген. Дегенмен қаржыны дұрыс игере алмаған өңірлерде құрылыс жұмыстары кешігіп, былтыр қолданысқа берілуі тиіс жолдар әлі жатыр.

Алматы және Ұлытау облыстарында деңгей төмен. Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану, тендерлерді уақытында өткізбеу, тиісті бақылаудың болмауы объектілерді енгізу мерзімдерінің бұзылуына әкеледі. Мысалы, өткен жылы Ұлытау облысының Атасу, Бидайық, Бостұмсық және Сарысу ауылдарында медициналық мекемелердің құрылысына қажетті қаражат толығымен бөлінген болатын. Алайда құрылыс жұмыстары әлі күнге дейін аяқталмаған. Солтүстік Қазақстан облысының Мүсірепов атындағы ауданында ұзындығы 53,5 км болатын жол құрылысы былтыр бітуі керек еді. Бірақ жоспарланған көлемнен небәрі 26,5 км жол пайдалануға берілген. Демек жоспардың 50% әлі күнге орындалмай отыр, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға