Смартфонды қолдану қатерлі ісік ауруына әкеліп соғуы мүмкін
Технология күннен-күнге дамып келе жатқан әлемде адамдардың мінез-құлқы да тез өзгеріп келе жатыр. Жарықты өшіріп, ұйқы алдында смартфондарымызбен соңғы рет Facebook, Instagram, VK парақшамызды тексереміз деп 30 минут немесе тіпті 1 сағатқа дейін ұйқымыздан қалатын әдетіміз бар. Бірақ мұның салдары қандай?
Алғашқыда еш зияны жоқ болып көрінсе де, смартфон, таблет және басқа да электронды құралдарды тұрақты түрде ұйқы алдында қолдану адам ағзасына болашақта зардабын алып келуі әбден мүмкін. Америкалық «GigaOm» компаниясы соңғы зерттеу жұмыстарында электронды құралдардан шығатын жасанды көк жарықтың ұйқы циклына және сіздің денсаулығыңызға деген зиянын зерттепті. Сол зерттеулердің барысында ғалымдар жасанды көк жарықтың ағзадағы ұйқы сезімін қоздыратын мелатонин атты химиялық элементтің жұмысына әсер ететінін анықтаған екен. Жасанды көк жарықтың ұзақ уақыт ықпалынан кейін ағзадағы циркадты цикл шатасып, ол миға таңнын атқандығы жайлы сигнал береді. Онан кейін адамның ұйқысы қашып, адам біраз уақытқа дейін ояу болады. Мелатониннің ұйқыны қоздырудан да басқа қызметтері бар. Ғалымдардың айтуынша, ол қатерлі ісік ауруы секілді аса қауіпті аурулардың үдеуін баяулатады.
Жасанды көк жарықтың ісік ауруларынан бөлек екінші деңгейлі зиянды ықпалдары да бар:
1. Көзіңіздің көру қабілеті төмендеуі мүмкін. Жас балалардың қарашығына түсетін жүктеме жалғаса берсе, сары дақтың дегенерациясы пайда болуы мүмкін. Онан соң, жақыннан көру қабілетіңіз де төмендеуі немесе қарашықтың улануы да ықтимал.
2. Мелатониннің жетіспеушілігі ағзаны кеселдерге қарсы осал болуына әкеледі. Американың Ұлттық медицина кітапханасына сүйенсек, мелатониннің аздығы аналық жыныс безінің, емшек және простатаның қатерлі ісік ауруларын тудыру ықтималдылығы аз емес екен.
3. Жасанды көк жарықтың ықпалы адамның көңіл күйіне де әсер етуі мүмкін. Мелатониннің денеде аз көлемде болуы депрессияны тудыруы мүмкін.
Мелатониннің ағзадағы жетіспеушілігі бұл аурулармен қалай байланысты? Мелатонин сізге ұйықтауға көмектесетін циркадты ритмыңызды бұзады. Өз кезегінде осы ритмнің бұзылуы жоғарыда айтылған аурулардың пайда болуына әсерін тигізеді. Сіздің циркадты ритміңіз күні бойғы ұйқыда және ояу болатын уақытыңызды бөліп отыратын ішкі биологиялық сағатыңызбен бірдей. 2012 жылы Гарвард университетінің медицина бөлімінің профессорлары өте қызықты бір тәжірибе өткізіпті: қатысушы он адам 1 түн бойы жұмыс істеп, циркадты ритмдері өзгереді. Сол уақыт іщінде адамдардың қандарындағы қант мөлшері көбейіп, сусамыр (диабет) ауруымен науқастануға сәл қалады. Оған қоса, қандағы лептин көлемі түсіп кетеді екен. Лептин – сіз тамаққа тойған кездегі тоқтық сезімді тудыратын химиялық элемент.
Сонымен, түн ортасында теледидар көруге немесе басқа электронды құралдарды қолдануға бола ма деген сұраққа дәрігерлердің жауабы: «Болады, бірақ тек керекті мөлшерде. Жарықты қосып, экранға өте жақындамау керектігін ұмытпаңыздар».
Мақаланың толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыз: http://www.businessinsider.com/smartphone-night-bad-sleep-2014-9
Материалды дайындаған: Нұрғазы Абжанов