Скриптониттің ауылының атауы қазақшаланды
Фото: Әлеуметтік желіден
Фото: Әлеуметтік желіден
22.01.2024 13:20
1412
Павлодар облысына қарасты Ленинский кентінің атауы ресми түрде Атамекен болып өзгертілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталмыш елді мекенде Скриптонит лақап атымен танылған қазақстандық рэпер Әділ Жәлелов дүниеге келген. Қазіргі таңда әншінің ата-анасы осы ауылда тұрады.
Бірнеше жыл бойы атауын ауыстыра алмай келген кенттің тұрғындары былтыр сәуірде «Атамекен» болып өзгеруін қолдаған болатын. Ал қараша айында ауыл атауын өзгерту туралы облыстық ономастикалық комиссия отырысында талқыланып, желтоқсан айының соңында облыстық мәслихат депутаттары жаңа атауды бірауыздан қолдады.
Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпаратынша, бүгін, 22 қаңтарда, өзгерту туралы қаулы күшіне енді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға