Жаңалықтар

Скляр су тасқынына қарсы бағытталған мобильді топтар құруды тапсырды

Скляр су тасқынына қарсы бағытталған мобильді топтар құруды тапсырды
Фото: t.me/KZgovernment 08.04.2024 10:54 5415

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр су тасқынына қарсы бағытталған мобильді топтар құруды тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысындағы инженерлік инфрақұрылымның су тасқынына дайындығын тексеру мақсатында Петропавл қаласының маңындағы бірнеше ауылды тексеру үшін түнгі рейд жүргізді.

Рейд барысында Тепличное, Прибрежное ауылдары мен Ущева көшесі бойындағы бөгеттерді нығайту жұмыстарының барысы тексерілді.

Роман Скляр мердігер компанияларға бөгеттерді нығайту үшін техника көлемін арттыруды тапсырып, уақыт аз екенін еске салды.

Бізде санаулы күндер қалды, белсенді жұмыс істеу керек. Нысандарда жүк машиналары мен басқа да техникалар жеткіліксіз, тиегіштердің санын екі есеге арттыру қажет. Судың көтерілу кезеңінде біз ағымдағы жағдайға жауап беретін мобильді топтар құратын боламыз, — деді премьер-министрдің бірінші орынбасары.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға