Әскери гарнизондарда 825 млн теңгенің мүлкі ұрланған
Тергеу жүргізуді Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорлары жүзеге асырады
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз
04.07.2022 16:06
1645
Әскери прокуратура мамандары Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде әскери мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz Бас әскери прокуратурағв сілтеме жасап.
«Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында шамамен 825 млн теңгедей сомаға заттай мүлік пен жеке қорғаныс құралдарын ұрлау белгілері бойынша сот алды тергеу басталып, 8 қылмыстық іс қозғалды», - делінген ақпаратта.
Өзге ақпарат тергеу мүдделеріне байланысты жария етілмейді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қызыл кітаптың онлайн нұсқасы пайда болады