Әскери бөлімде тағы бір сарбаз қаза тапты
Фото: Baq.kz
04.06.2022 19:15
1791
Бүгін Маңғыстау облысында сарбаз дарға асылып қалды. Бұл туралы ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Азамат Сәрсенбаевтың айтуына қарағанда, оқиға бүгін таңғы 5 кезінде болған.
«Бүгін Маңғыстау облысында шамамен таңғы сағат 5-те шекара әскерінің сарбазы асылып қалған жерінен табылды. Ол 2003 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны. Иманды болсын», - деп жазды ол.
Бөлісу:
