Жаңалықтар

Өскеменде ұлттық тағамдар әзірлеуден алғаш рет сайыс өтті

Өскеменде ұлттық тағамдар әзірлеуден алғаш рет сайыс өтті
06.12.2019 10:51 3071

Шығыс-Қазақстан облысының «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» ұлт өкілдерінің асханасымен шет жаққа шықпай-ақ танысудың жақсы мүмкіндігін жасады.

Өскеменде ұлттық тағамдар әзірлеуден алғаш рет сайыс өтті

Алғаш рет ұйымдастырылған «Қазақстан халқы асханасы» сайысына этномәдени бірлестік мүшелері ұлттық тағамдарын ұсынды.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, іс-шараның басты мақсаты – Шығыс Қазақстан жеріндегі халықтардың аспаздық мәдениетін насихаттау.

Қатысушылар алғашқы кезеңде қазылар алқасына ұлттық тағамнан дәм татқызып, оның жасалу технологиясын айтып берді. Бір-біріне ұқсамайтын, тіл үйірер тағамдар қатарында әзірбайжандардың ұлттық тағамы - «Долма», белорустардың асханасынан «Колдуны» атауымен танымал котлеттар мен бәліштер, еврейлердің «Фиш» атты фаршталған балықтары, тіпті, корейлердің диеталық роллдарына дейін болды.

Өскеменде ұлттық тағамдар әзірлеуден алғаш рет сайыс өтті

Келесі кезеңде қатысушылардың жайған дастархандарына, киім киісіне назар аударылды. Сайыс көрермендері тағамдардан дәм татып, оның шығу тарихы мен жасалу жолдарымен танысты. Қорытындылай келе, әділқазы алқалары ұлт өкілдерінің барлығы асханаларын бірдей жоғары деңгейде таныстырды деген баға беріп, барлықтарын тең сыйлықтармен марапаттады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға