Жаңалықтар

Сирияның уақытша премьер-министрі тағайындалды

Сирияның уақытша премьер-министрі тағайындалды
Фото: Сирия үкіметі 10.12.2024 23:11 342

Мохаммед әл-Башир Сирияның премьер-министрі міндетін уақытша атқарушы болып үш ай мерзімге, яғни 2025 жылғы 1 наурызға дейін тағайындалды. Бұл туралы саясаткер өзі сейсенбі күні телеарнада мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мухаммед әл-Башир Қазақстанда тыйым салынған, Дамаск қаласын басып алған «Хайят Тахрир аш-Шам» тобымен тығыз байланысты. Бұған дейін ол Идлибте орналасқан Құтқару үкіметін басқарған болатын.

Министрлер кабинетінің отырысы өтті, оған Идлиб және оның айналасындағы аймақтарда жұмыс істеген Сирияның Құтқару үкіметінің жұмыс тобы, сондай-ақ бұрынғы режимнің Сирия үкіметі қатысты. Отырыстың басты назары институттарды тапсыруға және маңызды істерді басқаруға аударылды, — деп мәлімдеді әл-Башир өз үндеуінде.

Құтқару үкіметінің ресми сайтында жарияланған түйіндемесіне сәйкес, оның мамандығы - инженер, ағылшын тілі және шариғат заңдары саласында қосымша біліктілігі бар.

Айта кетейік, Сирия президенті Башар Асад елдегі азаматтық соғыстан соң Ресей астанасын паналаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға