Жаңалықтар

Сирияның тұтастығын сақтап қалу мақсатында барлық жағдай жасалады

Сирия бойынша Астана процесінің кезекті 19-раунды өтті
Сирияның тұтастығын сақтап қалу мақсатында барлық жағдай жасалады
Фото: gov.kz 23.11.2022 18:00 2060

БАҚ арналған баспасөз конференцияда Сирия делегацияның мүшелері Сирияның аумағын сақтап қалу мақсатында барлық шара жасалатынын тілге тиек етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сирия Үкіметінің Сыртқы істер министрінің орынбасары Мухаммед Айман Сусан Астана форматының 19-кездесуі қауырт жағдайда өтіп жатқанын тілге тиек етті.

«Бұл кездесу гегемония психологиясында өтіп жатыр деп айтуға болады. Менің халқым Американың ұйымдастырылып отырған шарасынан зардап шегіп отыр. Америка әкімшілігі осыны пайдалана отырып, өзіне тиесілі бірқатар жайттарды қолдады. 90 елден астам террористерді осы шабуылды шайқасқа қатыстырды. Қазіргі таңда өзінің экономикалық терорын жалғастыруда. Бір бағытты өзінің заңсыз түріндегі шаралары бойынша және Сирияның нанын тартып алатындай жағдайларға алып келуде. Осының салдарынан бүгінде Сирия халқының жағдайы нашарлауда. Сонымен қатар Сирия Араб республикасында заңсыз түрде болуы ол Америка, түркия басқа елдердің қатысуымен болсын бұл ашық түрде осы халықаралық құқықтың бұзылуы болып табылады. Мұндай жағдайда ешшқандай шара қабылданбастан тоқталуы керек. Осы Сириядағы тұрақтылықты қалыпқа келтіруде бұл кедергі келтіруде. Террористрмен күресу және қалыпқа келтіру бағытында кедергі жасауда», - деді Сирия Араб республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Мухаммед Айман Сусан.

Сондай-ақ, ол топтардың жасап отырған шабуылдары заңсыз екенін тілге тиек етті.

«Бұл олардың қатыгез шабуылы деп айтуға болады. Мұндағы мыңдаған студенттер білім алу барысында және ұлттық байлықты жымқыру бұлардың барлығы ұлттық қағидаттардың шегінен шығып отыр», - деді Мухаммед Айман Сусан.

Сирия оппозициясы делегациясының басшысы Ахмад Тома маңызды кездесудегі мәселеге тоқталды.

«Кездесудегі басты мақсат Сириядағы болып жатқан жағдайға әділетті шешімнің қабылдануы. Осы мақсатты жүзеге асыру мақсатында біз барлық күш-жігерімізді салдық. Талпындық. Әрқашан осындай оппозициялық мәселені жан-жақты талқылауға, мақсаттарға жетуге бар шараны жасадық. Өкінішке орай, бізде біраз кедергі бар. Сириядағы әділетті шешімнің қабылданбауы бәрімізге кедергі келтіру мүмкін. Саяси режиім Сирияда екі жылдың ішінде қабылдануы керек деп ойлаймыз. Бұл жағдайда барлық мәселені талқыладық. Оның ішінде қақтығыстарды тоқату, құқықтардың бұзылуы бұл осы Астанадағы болған кездесудің негізгі мәселелері деп айтуға болады. Дегенмен, Сириядағы режим қылмыстық болып табылады. Мұндай жағдайда өзінің міндеттемелерін сақтамайды. Барлық тараптармен осы мәселені талқыладық. Сириялық режиімге байланысты шығарылған Жарғыға тәжірибелік тұрғыдан оның күші мен нәтижесі болмайтынын көріп отырмыз», - деді ол.

Баспасөз брифингте Сирия делегация мүшелері Сиряның аумағын сақтап қалу мақсатында барлық жағдай жасалатынын айтты. Сирияның 10 миллиондаған халқы Сириядан тыс жерде екенін және мұның барлығы Иранның Сирияға жасаған қақтығысының салдары екенін тілге тиек етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға