Жаңалықтар

Сирияда мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 400%-ға көбейеді

Сирияда мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 400%-ға көбейеді
Фото: ©El.kz/Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ 06.01.2025 08:33 344

Сирияның қаржы министрі Мохаммед Абазид Сирияның уақытша үкіметі ақпан айынан бастап «көптеген мемлекеттік сектор қызметкерлерінің жалақысын 400%-ға көтеруді» жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Arab news басылымының мәліметі бойынша, мұндай шешім 13 жылға созылған қақтығыстар мен санкциялардан кейін экономиканы тұрақтандыру шаралары аясында қабылданды.

Саясаткердің айтуынша, Башар Асадтың президенттігі кезінде Сирияның мемлекеттік сектордағы қызметкерлерінің жалақысы айына шамамен 25 долларды құраған, бұл оларды ел халқының басым бөлігі сияқты кедейлік шегіне жіберді.

Порталдың мәліметтері бойынша, жалақыны көтеру Сирия бюджетіне 125 миллион доллар (немесе 1,65 трлн Сирия фунты) шығын әкеледі. Қаражат негізінен аймақтық көмек, жаңа инвестициялар, шетелдегі мемлекеттік активтерді қайтару әрекеттері (олардың жиынтық көлемі 400 миллион долларға дейін), сондай-ақ Дамасктің бақылауында қалған ресурстар есебінен алынады.

Сирияда барлығы 1,3 миллионға жуық шенеунік бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға