Сирия Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жеделхат жолдады
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
06.03.2023 12:24
1017
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Cирия Президенті Башар Әл-Асад Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының атына Сирия Президентінен жеделхат келіп түсті. Онда Башар Әл-Асад биыл ақпан айында болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты.
«Қиын-қыстау шақта бізге қолдау білдіріп, адамгершілік және ізгілік танытқан Қазақстанның ұстанымын Сирия халқы жоғары бағалайды», – деп жазылған жеделхатта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Назарбаев Зияткерлік мектептеріне" жаңа басшы тағайындалды
Келесі жаңалық
Астана мешіттерінде сурдоаударма қызметі іске қосылды