Сирия президенті ел астанасынан белгісіз бағытқа ұшып кетті
Фото: SPA / XinHua / Global Look Press
Фото: SPA / XinHua / Global Look Press
08.12.2024 14:00
946
Сирия президенті Башар Асад ел астанасынан ұшақпен белгісіз бағытқа кетіп қалған, деп хабарлайды Reuters-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Reuters агенттігінің мәліметінше, Асад жексенбі күні Дамаск қаласынан белгісіз бағытқа ұшып кеткен. Ал Сириядағы Адам құқықтарын бақылау орталығының дерегіне сәйкес, ол қаладан сенбі күні кешкі сағат 22:00-де шығып кеткен.
Оппозиция мен исламистік күштердің «Аль-Фатх аль-Мубин» бірлескен қолбасшылық телеграм-арнасында «Асад қашып кетті» деген ақпарат пайда болды. Сонымен бірге, көтерілісшілер «Дамаск Башар Асадтың тұтқынынан босатылды» деп жариялады. Оппозициялық күштер Дамаскке кіргенін хабарланып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Оразбек Асылқұлов Азия чемпионатының финалына жолдама алды
Келесі жаңалық
Елімізде мемлекеттік архивтер саны 231-ге жетті