Жаңалықтар

Сирия мен Израильге Қазақстаннан 139 азамат аттанады

Сирия мен Израильге Қазақстаннан 139 азамат аттанады
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 19.01.2024 11:40 3197

Бүгінде бітімгершілік миссиясынан 600-ден астам әскери қызметші өткен. Соның ішінде 139 әскери Голан биіктеріндегі миссияға (Сирия-Израиль) аттанады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы куларда Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов мәлім етті. Айтуынша лагерь Фауэр деген жерде орналасады.

Олар қолбасшының айтқан бұйрықтарын орындайды. Миссия кезінде әскерилерге көмек қарастырылған. Заңға сәйкес, қаза тапқан әскери қызметшінің отбасына 60 айлық жалақы көлемінде ақша төленеді. Ал Біріккен Ұлттар ұйымы 77 мың доллар (34 млн 795 мың теңге) береді. Ал жарақат алса, тиісті комиссия құрылып, қандай көмек беру керегін айқындайды. 139 әскери бірден барады, соның ішінде 7 әйел азамат бар, – деді полковник.

Оқи отырыңыз: 

Әскери қызметшілердің бітімгершілік миссияға дайындығы қандай

«Күйеуімнің диагнозы әсер етті». Кәсіпкер жетістігінің құпиясымен бөлісті

Рыбакина ресейлік қарсыласынан әдейі жеңілді ме? Сарапшы пікірі

Сирия мен Израильге Қазақстаннан 139 азамат аттанады
Олжас Құсайынов / ©El.kz/Амангүл ТІЛЕЙ

Сонымен қатар спикердің сөзінше, миссияны орындауға атанып бара жатқан әскерилер бір жылмен жіберіледі.

Ротацияның мерзімі бір жыл, ал бірнеше жылға нақты бір уақыт берілген жоқ. Миссияға жаңа әскерилерде бара алады. Медицина қызметкерлері, мергендер бар, ал осы жолы ішінде десанттар жоқ. Әр ай сайын БҰҰ оларға 1448 АҚШ долларын береді. Ал Қазақстан Қарулы күштері тарапынан үш айлық төленеді, – деді халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов.

Сирияда қазір соғыс жоқ екенін тілге тиек етті. Десе де, миссия тыныш жерлерде құрылмайтынын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға