Жаңалықтар

Сирек кездесетін пайдалы қазбалар: Киев Вашингтонмен келісімге келді

Сирек кездесетін пайдалы қазбалар: Киев Вашингтонмен келісімге келді
Фото: Pixabay.com 26.02.2025 09:03 844

АҚШ пен Украина пайдалы қазбаларды бірлесіп игеру жөніндегі шарт жобасын келісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Reuters агенттігінің мәліметінше, Украина АҚШ әкімшілігімен өзінің табиғи ресурстарына қатысты келісім шарттарын келісті және таяу күндері келісімге қол қойылады. Мұны аты-жөнін айтпауды жөн көрген украиналық жоғары лауазымды шенеунік мәлімдеген.

Financial Times пен AFP агенттігінің мәліметінше, құжатқа 28 ақпанда Вашингтонда қол қойылуы мүмкін. Белгілі болғандай, Украинадағы табиғи ресурстарды бірлесіп игеру жөніндегі келісімде мұнай мен газ да бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға