Синоптиктер жұмаға арналған ауа райы болжамын жариялады
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz
07.10.2022 06:14
1215
Қазгидромет мәліметі бойынша, еліміздің солтүстік, батыс өңірлерінің ауа райына солтүстік-батыстан келетін циклон әсер етеді, деп хабарлайды El.kz.
Осыған байланысты жаңбыр жауады. Еліміздің солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында найзағай жарқылдап, жауын-шашын болады.
Еліміздің шығыс жартысы әлі де антициклонның ықпалында. Сондықтан жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.
Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді. Түнде шығыста, солтүстік-батыста тұман түседі.
Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында топырақ бетінде 1 градус үсік сақталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жер бетінде 95 млн адам кедей өмір сүреді – БҰҰ
Келесі жаңалық
Қазақстан жыл басынан бері 57,8 млн тонна мұнай тасымалдады