Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жариялады
Қазгидромет 21 ақпан күні бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе облысының шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болжанады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
21 ақпанда түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Астана қ аласында жолдарда көктайғақ, түнде және таңертең жаяу бұрқасын соғады.
Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.
Павлодар облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының солтүстігінде тұман түседіді. Оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз тау асуларында күші 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі.
Қостанай облысының басым бөлігінде қар, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар), облыстың солтүстігінде қатты қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында жаяу бұрқасын, тұман болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.